EMPORIUM– АСТАНАДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЛЮКС ГАЛЕРЕЯСЫ

EMPORIUM

EMPORIUM сауда галереясы Talan Towers кешенінің екі мұнарасын біріктіреді. Мұнда ең танымал әлемдік брендтер орналасатын болады. VILED Group компанияларының тобы EMPORIUM галереясын 2019 жылы ашуды жоспарлап отыр. Компания Gucci, Dolce Gabbana, Valentino, Brioni брендтерін қоса алғанда, сәнді киімнің 140 эксклюзивті халықаралық брендімен қызметтеседі, сонымен қатар қазақстандық нарықта Cartier, Van Cleef & Arpels, Graff, Tiffany & Co., Breguet, Harry Winston, Vacheron Constantin және тағы басқалар сияқты әлемге әйгілі зергерлік және сағат маркаларын ұсынады. Галерея халықаралық деңгейдегі қосымша шетелдік ойыншыларды тарта отырып, Астанада люкс сегментіндегі әлемдік брендтердің қатысуын кеңейтеді.

•  GLA 8 000 м2;
•  люкс және премиум класты 30 бутик;
•  3 деңгей;
•  жер асты паркингі.

STARBUCKS RESERVE BAR

Галереяның аумағында Starbucks брендімен ұсынылған бірегей кофехана орналасқан. 

Бұл – Қазақстандағы кофе бары тұжырымдамасы бар алғашқы мекеме, мұнда қонақтардың кофе дәнінің дәмін барынша сезінуіне бағытталған кофе дайындаудың баламалы әдістері көрсетіледі (пуровер, сифон, кемекс және басқа). Сусындар мұнда Clover кофе-машинасының және Black Eagle эспрессо-машинасының көмегімен дайындалады. Black Eagle-де сусындарды дайындау үшін теңдесі жоқ жалғыз ғана Reserve Microblend дәндерінің қоспасы пайдаланылады. Starbucks Reserve Bar интерьерінің дизайнінде қазақ колоритінің, ал қолмен жасалған арт-объектілер арқылы – кофе дәндері мәдениетінің, тарихы мен өсіру өңірлерінің айқын бейнеленгені қызықтырады. Бұл орын өзіңізге Reserve желісі кофесінің барлық кереметтігін ашу үшін жасалған.