Құрметті қонақтар, сіздердің денсаулықтарыңызды сақтап, қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз ету үшін covid-19 вирусының таралуының алдын алу мақсатында қолданылған іс-шаралар тізіміне назар аударуларыңызды сұраймыз

Инженерлік жүйелер

Ағын-сору машиналары көшедегі ауаны жинау режіміне көшірілді, ауаның кері айналымы өшірілді.

Ортақ аймақтардағы сору машиналары мен фанкойлдарды зарарсыздандыру жүргізілді.

Ортақ пайдалану орындарындағы фанкойлдар мен ағын және сору машиналарындағы сүзгілер ауыстырылды.

РЕСЕПШН

Қонақтар мен келушілердің үшін еденге әлеуметтік арақашықтық белгілер салынды

Кіретін хат-хабарды ресепшн қызметі 8:30 сағат пен 19:30 сағат аралығында қабылдап, кейін жалгерлерге табыстайды.

Келушілерді тіркеу ресепшн тұрынтағындағы планшетті қолданбай, Sine жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Курьерлік қызмет өкілдерін жалгерлер орналасқан қабаттарға кіргізуге тыйым салынды.

Жалгерлердің өкілдері Шығатын шығатын хат-хабарды курьерлерге табыстауды жалгерлердің өкілдері 1-қабаттағы лоббида жүзеге асырадытабыстайды.

Вирустың таралу қаупін барынша азайту мақсатында лоббидағы жиһаз уақытша алып тасталды.

Кіруші адамдардың температурасын өлшеу үшін тепловизорлық камералар орнатылды. Жоғары температурасы бар адамдар ғимаратқа жіберілмейді

ЛОГИСТИКА

Есіктердің тұтқасына жанаспау үшін P2 деңгейіндегі тұрақтан дәлізге шығатын есіктер лифтілеріне дейін ашық тұрады.

Лифт кабиналарының еденіне қауіпсіздік аралықты көрсете отырып, әлеуметтік қашықтықты сақтау белгілері салынды.

Кіруші адамдардың температурасын өлшеу үшін тепловизорлық камералар орнатылды. Жоғары температурасы бар адамдар ғимаратқа жіберілмейді

Клининг қызметі

Есік тұтқаларын, лифтілерді шақыру пульттарын, турникеттерді, батырмаларды зарарсыздандыру үшін өңдеу мерзімділігі ұлғайтылды.

Ортақ пайдалану орындарына антисептикалық сұйықтығы бар дозаторлар орнатылды.

Барлық жиыстыру процестері сертификатталған зарарсыздандырғыш құралды қолдана отырып жүргізіледі.

Қызметкерлердің дене қызуы күнделікті тексеріліп отырады.

Қолданылған бетперделер мен қолғаптарды жеке жинап, кейін бейінді компанияның кәдеге жаратуы үшін арнайы орын ұйымдастырылды.

АСХАНА

Асханаға кіру адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу мақсатында белгіленген уақыт аралығында, сонымен қатар келесі қауіпсіздік шараларын орындай отырып жүзеге асырылады:

  • жалгерлер орналасқан қабаттарға тамақ жеткізу қызметі ұйымдастырылған.
  • үй-жайдың ішінде ұдайы күшейтілген зарарсындандыру жүргізіледі.
  • қауіпсіз арақашықтық көрсетілген белгі бар.
  • бүкіл асхана қызметкерлері COVID-19 вирусының бар-жоғына тексеруден өткен.
  • үстелдер әлеуметтік арақашықтық шараларына сәйкес қойылған.

МЕРДІГЕРЛІК ҰЙЫМДАР

Барлық мердігерлік ұйымдар ғимаратқа кіретін қызметтік есік алдында жоғары температураның бар-жоғына тексеруден өтеді.

Қызмет көрсетуші персонал жеке қорғаныс құралдарын (бетперделер) киеді.

Негізгі мердігерлік ұйымдар мен қызмет көрсетуші компаниялардың қызметкерлері мерзімді түрде COVID-19-ға тесттен өтіп отырады.