ЖОБА ИНВЕСТОРЫ

A leader in Kazakhstan’s private-investment sector.

Қазақстанның жеке инвестиция саласындағы көшбасшысы — Talan Towers көп атқарымдық кешеніне тапсырыс беруші "Верный капитал" тобына кіретін қазақстандық Astana Property Management компаниясы болып табылады. Ірі топтың портфелінде жылжымайтын мүлік саласындағы басқа да сәтті жобалар: The Ritz-Carlton, Moscow, The Ritz-Carlton, Vienna секілді люкс санатты қонақ үйлер және Rixos Borovoe бар. Сонымен қатар компания Алматыда BREEAM халықаралық экологиялық стандарттар бойынша сертификаттау кезінде бірнеше жыл қатарынан жоғары баға алып жүрген Park View Office Tower және PRIME Business Park кеңсе ғимараттарын басқарады.

СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ДИЗАЙН
EMPORIUM Сауда
галереясы

Talan Towers кешенінің негізгі тұжырымдамасы астанада lifestyle, meeting place деп аталатын — күніңізді кездесулермен, жағымды демалыспен немесе шопинг жасаумен өткізуге болатын тартылыс орталығын құру. Callison креативті британдық сәулет агенттігі Emporium люкс сауда галереясының динамикалық кеңестікте бейнесін жасаумен айналысты, оның әр бөлшегінде ауқаттылық пен қонақжайлық философиясы көрініс береді. Міне, сондықтан да галереяда ұсынылған әрбір дизайн премиум-санатты коммерциялық аймақтарды ресімдеу бойынша әлемдік стандарттарға сәйкес келеді.

Сәулет

Әлемде сәулет, интерьер дизайны, инжиниринг және қалалық жоспарлау саласындағы ең ірі компаниялардың бірі – SOM америкалық компаниясы (Skidmore, Owings & Merrill LLP) Talan Towers кешенінің сәулетшісі болды. 1936 жылдан бастап құрылғаннан бері, компания әлемнің 50 елінде 10 000 астам жобаны іске асырды. Биіктік құрылысы – SOM компаниясының басты мамандануының бірі. Сөйтіп, компанияның авторлығына Burj Khalifa (Дубай, ОАЭ), John Hancock Center (Чикаго, АҚШ), Trump Tower (Нью-Йорк, АҚШ), сонымен қатар World Trade Center (Манхэттен, Нью-Йорк, АҚШ) әлемге әйгілі зәулім үйлер тиесілі. Talan Towers – SOM компаниясының Астанада іске асырған алғашқы жобасы. Бүгінгі таңда SOM — Америкалық Сәулет Институтының \Architecture Firm Award\ сыйлығымен екі мәрте марапатталған жалғыз компания. Сонымен қатар фирманың қызметі сәулет саласында Нобель сыйлығының баламасы болып саналатын Pritzker Prize марапаты табыс етілді. SOM компаниясының есебінде 2000 астам кәсіби марапаттар бар.

Кеңсе
кеңістіктері

Pringle Brandon Perkins +Will – Ұлыбританияда және ЕМЕА өңірінде (Еуропа, Таяу Шығыс және Африка елдері) жұмыс кеңістігі интерьерлерінің дизайніне және коммерциялық сәулетке мамандандырылған ең табысты әлемдік сәулет бюроларының бірі. Бюроның мамандары Microsoft, Google, Coca-Cola, Siemens, Unilever, Bank of China компанияларына арналған кеңсе интерьерлерімен жұмыс жасаған. Олар Talan Towers Offices жобасын жасау барысында жарықты көбірек сақтауға және адам өзін еркін сезіне алатын кеңістікті әзірлеуге тырысты. Сарапшылардың пайымдауынша, таңдалған дизайн қазіргі таңда өзекті және көптеген жылдар өткен соң да сұранысқа ие болады, әмбебап және ыңғайлы.

Қонақ үй

Қонақ үй интерьерін әзірлеумен 1966 жылдан бастап жұмыс жасап келе жатқан және фешенебельді резиденцияларды, эксклюзивті қонақ үйлер мен мейрамханалар құрылысын жобалау нарығында тұрақты беделге ие Richmond International компаниясы айналысқан. Компания әлемнің түпкір-түпкірінде The Ritz-Carlton желісіндегі қонақ үйлер үшін бірнеше рет жобалар жасаған, ал Астанада жергілікті жердің айқын көрінісін көрсетуге тырысқан. Безендіру барысында мәрмәрдің және ағаштың ең асыл тұқымдары қолданылғанын атап өту қажет, сол себепті, The Ritz-Carlton, Astana қонақ үйін көптеген сарапшылар сәулет өнерінің бірегей туындысы ретінде бағалап отыр.

LEED - Leadership in Energy and Environmental Design

LEED - Leadership in Energy and Environmental Design

Talan Towers — Қазақстанда GOLD санатындағы LEED халықаралық сертификатын (Leadership in Energy and Environmental Design) иеленген алғашқы және жалғыз көп атқарымдық кешен.

1993 жылы United States Green Building Council (USGBC) америкалық ұйымымен әзірленген LEED «жасыл құрылыс» стандарттары қоршаған орта үшін минималды зиянымен құрылыстарды жобалауға бағытталған. Су мен электр қуатын үнемдеу, сонымен қатар бұл ғимаратта жұмыс істейтін адамдардың денсаулығын сақтау есебінен қажетті көрсеткіштерге қол жеткізуге болады. 
Talan Towers кешеніне соның ішінде осындай ақылды шешімдерді енгізу экологиялық және инновациялық құрылыс қағидаттарына сәйкес келуге мүмкіндік берді: 

Экологиялық қауіпсіз объектілер:

•  Велотұрақтар және жуынатын бөлмелер, оңтайлы жоспарлау – «жылу аралдары» әсерін қысқарту

•   Электромобильдерге арналған қуаттау станциялары»

•  Жасыл шатыр және ландшафтық дизайн



Суды тұтыну:

•  Үнемді сантехникалық аспаптар

•  Жауын суын қайта пайдалану

 

Энергиялық тиімділік:

•  Ғимараттың бағдары және тиімді қасбеттері

•  Жарықтандырудағы оңтайлы шешімдер

•  Энергиялық тиімді материалдар

•  Күндізгі жарықты барынша пайдалану

•  Жылумен жабдықтау жүйелері

•  «Ақылды үй» автоматтандырылған жүйесі


Материалдар:

•    Құрылыс кезінде барлық қалдықтар қайта өңделді.

Talan Towers - Қазақстандағы жалғыз үздік атануға лайықты, А санатты көп атқарымдық кешені. Оған дәлел есепсіз көп марапаттар.