TALAN TOWERS КЕШЕНІНІҢ МЕЙРАМХАНАЛАРЫНДА ӨЗІҢІЗГЕ ЕРЕКШЕ ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ КӨҢІЛ СЫЙЛАҢЫЗ

MÖKKI

 

The Ritz-Carlton, Astana, 3-ші қабат 

Mökki — The Ritz-Carlton, Astana қонақ үйінің керемет тағамдар мен ауқымды бар картасын ұсынатын негізгі мейрамханасы. Жұмыс күндері танымал бизнес-ланч, ал айдың әрбір бірінші және үшінші жексенбісінде Mökki әдемі атмосферасында қонақтар сан алуан тағамдарға толы тақырыптық бранчтардан ләззат алады. Бранчта мейрамхана аспазы әзірлеген керемет тісбасарлардан, таңдаулы салаттардан, десерттерден және авторлық тағамдардан дәм татуға болады. Мейрамхананың басты ерекшелігі – Chef’s Table форматында іске асырылатын Франка Коппелькамм қонақ үйінің бас аспазы әзірлеген авторлық гастро-сеттері болып табылады. Қонақтар ашық ас үйдің үстелшесі алдына шақырылып, Франк өзінің фирмалық тағамдарының рецептілерінің құпияларымен бөліседі. 

Байланыстар: +7 (7172) 734 000
Сайтына көшу
Instagram:
ӨZEN

 

The Ritz-Carlton, Astana, 1-ші қабат 

The Ritz-Carlton, Astana қонақ үйінің бірінші қабатында орналасқан Өzen лобби–лаунджы өзінің келушілерін достық қарым-қатынасымен, сондай-ақ іскерлік кездесулерге арналған мінсіз, еркін ахуалымен қызықтырады. Бұдан басқа, астаналық тамақ талғағыштар ең талғампаз талаптарды қанағаттандыра алатын коктейльдер палитрасын жоғары бағалайды. Мұнда коктейль әзірлеу өнер дәрежесіне дейін көтерілген. 

Байланыстар: +7 (7172) 734 000
Сайтына көшу
Instagram:
SELFIE ASTANA

 

The Ritz-Carlton, Astana, 18-ші қабат 

“Selfie Astana” мейрамханасы The Ritz-Carlton, Astana қонақ үйінің 18-ші қабатында орналасқан, осы жерден бүкіл астананың ғажайып панорамасы ашылады. Selfie Astana The World Best Restaurants рейтингісіне сәйкес әлемнің 100 үздік мейрамханалар тізімінде 70-ші орын алатын Selfie мәскеулік мейрамхананың филиалы болып табылады, сонымен қатар Selfie Astana fine dining санатты мейрамхана. Ас үйді еуропалық гастрономияға және дәстүрлі қазақ ұлттық тағамдарына жаңашыл авторлық көзқараспен қарайтын белгілі мәскеулік бренд-шеф Анатолий Казаков басқарады.

Өзінің бірегей тағамдарын әзірлеу барысында Анатолий Казаков заманауи технологияларды және де жергілікті маусымдық өнімдерді пайдаланады. Осының бәрі мәзірдегі әрбір позицияны ерекше етуге мүмкіндік береді. 

STARBUCKS RESERVE BAR

 

EMPORIUM, 1-ші қабат 

Бұл Қазақстандағы кофе-бар тұжырымдамасымен ашылған алғашқы мекеме, оның аясында бариста кофе түйіршігінің дәмін барынша ашуға бағытталатын кофені әзірлеудің баламалы әдістерін (пуровер, сифон, кемекс және басқасы) көрсете отырып, қонақтармен тілдесу мүмкіндігіне ие болады. Сусындар мұнда Clover кофе-машинасының және Black Eagle эспрессо-машинаның көмегімен дайындалады. Сусындарды әзірлеу үшін Black Eagle машинасында теңдесі жоқ жалғыз ғана Reserve Microblend дәндерінің қоспасы пайдаланылады.

Starbucks Reserve Bar интерьерінде текстуралар мен өрнектердің көмегімен қазақ халықтың колориті, ал қолдан жасалған арт-объектілер арқылы – кофе дәндерінің тарихы мен өңірлері бейнеленген. Бұл Reserve желісі кофесінің барлық әсемдігін ашуға арналған орын. 

Байланыстар: +7 (7172) 73‒88‒05
Сайтына көшу
Instagram: