TALAN TOWERS – АСТАНАДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЖОҒАРҒЫ САНАТТЫ КӨП АТҚАРЫМДЫҚ КЕШЕН

Talan Towers – бұл астанадағы өмір сүру сапасын және ұсынылатын қызметтерді жаңа деңгейге шығаратын ерекше жоба. Ғимарат қаланың картасындағы айрықша брендке, жаңа көрнекі жерге, Астананың және оның өскелең даңқтылылығының нышаны болуға бейімделген.

Жалпы ауданы 120 000 м² құрайтын Talan Towers кешенінде бірнеше орталықтар орналасқан: Talan Towers Offices халықаралық А санатты бизнес-орталығы, The Ritz-Carlton, Astana бес жұлдызды люксті қонақ үй, The Ritz-Carlton Residences, Astana эксклюзивті резиденциялар және EMPORIUM сауда галереясы.

Talan Towers Offices

Talan Towers Offices — астананың іскерлік ортасында орналасқан халықаралық А санатты кеңселер. JLL (Jones Lang LaSalle) компаниясының кәсіби командасымен ұсынылған сервис деңгейі, күзет және өртке қарсы қауіпсіздігі қызметі, заманауи тұрақ - Talan Towers Offices бизнес-орталығын кеңсе үй-жайларының барлық халықаралық стандарттарына сәйкес келетін белгілі бизнес-орталығына айналдырды.

The Ritz-Carlton, Astana

The Ritz-Carlton, Astana — Астанадағы алғашқы бес жұлдызды люкс санатты қонақ үй. Мұнда қонақтар қаланың әдемі панорамалық көрінісін тамашалауға болатын кең бөлмелер мен люкстерге жайғаса алады. Қонақ үйдің инфрақұрылымы іскерлік кездесулерді, салтанатты және ресми шараларды өткізуге арналған конференц-қабат, халықаралық асханалар тағамдарын әзірлейтін таңдаулы мейрамханалар, клубтық қонақ бөлмесі, сонымен қатар, ең талапшыл адамдардың өзін бей-жай қалдырмайтын, қызметтердің толық жиыны мен Спа және фитнесс-орталығын қамтиды.

The Ritz-Carlton Residences, Astana

The Ritz-Carlton Residences, Astana — бірегей стилімен және салтанатты интерьерімен ерекшеленетін, сонымен қатар, The Ritz-Carlton халықаралық деңгейдегі қонақ үйі ұсынатын бірқатар артықшылықтарға ие жиырма жеті көркем резиденциялар. Мұнда резиденциялардың иелері консьерж және үй-жайды басқарудың мамандандырылған командасының қызметтерінен бастап бейресми резиденттік инфрақұрылымға дейін барлық артықшылықтарды толық қолдана алады.

Emporium

Emporium – бұл Talan Towers кешенінің екі мұнарасын біріктіретін, жалпы жалдау ауданы 8000 м2 құрайтын сауда галереясы. Мұнда ең танымал әлемдік брендтердің премиум-санатты сауда орындары орналасқан.