ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛЕМДІК СТАНДАРТТАР БОЙЫНША ҚҰРЫЛҒАН ЖАЛҒЫЗ БИЗНЕС-ОРТАЛЫҚ

АХҚО АЙМАҒЫ

Talan Towers бизнес-орталығының аумағы АХҚО-ның ерекше қаржылық аймағына кірді, ал бұл қазіргі және әлеуетті жалгерлерге АХҚО қатысушылары ретінде тіркелуге мүмкіндік беріп, қаржылық және олармен байланысты кейбір қызметтерден алынған кірістерге қатысты салық салудың жеңілдікті режимін ұсынады. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бұл Орталық Азия елдері, Кавказ сырты республикалары, ЕАЭО, Таяу Шығыс елдері, Батыс Қытай аумағы, Монголия және Еуропа елдері үшін қаржылық хаб. АХҚО қызметінің негізгі бағыттары – ҚР экономикасына жергілікті және шетелдік инвестицияларды тартумен капитал нарығын дамыту, бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен бірігуін қамтамасыз ету, активтерді басқару, жеке тұлғалардың әл-ауқатын басқару, қорларды басқару және әкімшілендіру, кастодиалдық қызметтер, ислам қаржысы, жаңа қаржылық технологиялар.

А КЛАСЫ

Talan Towers Offices астананың іскерлік орталығында орналасқан. Орнының тиімділігі, Достық пен Түркістан негізгі көлік магистральдеріне қолжетімділік, сонымен қатар ойластырылған көліктік және жаяу жүргіншілерге қолжетімділік бизнес үшін жайлы жағдайлар жасайды. Ал Lynks Property Management компаниясының кәсіби командасымен ұсынылатын сервистің жоғары деңгейі, дамыған инфрақұрылым, қызмет және өрт қауіпсіздігі қызметі, заманауи паркинг Talan Towers кеңселерін әлемдік деңгейдегі А санатты ғимаратқа айналдырады.

ДАЙЫН КЕҢСЕЛЕР

Жоғары сапалы әрлеу материалдары және дайын кеңселердің дизайны Talan Tower Offices-ті әлемнің ең үздік бизнес-орталықтарымен бір деңгейге қояды. Бұдан басқа, шығындар коэффициенті (пайдаланылатын және жалға алынатын алаңдардың арақатынасы) тек 15%-ды ғана құрайды, ал бұл барынша ыңғайлы кеңсе кеңістігінде орналасу мүмкіндігін білдіреді. Фальш еденді, аспалы төбені және өзге де дизайнерлік шешімдерді орнатуды есепке ала отырып, дайын кеңселерде төбелердің биіктігі 3 метрден асады, осының арқасында үй-жай алаңының 90%-ы үшін табиғи жарыққа қолжетімділік ашылады, ал бұл микроклиматқа ғана емес, қызметкерлердің жалпы хал-жайына да әсер етеді.

ӘРЛЕУГЕ АРНАЛҒАН КЕҢСЕЛЕР

Кеңселерді shell&core стандарты бойынша бірінші әрленген қалпында жалға алуға мүмкіндік бар, яғни қабырғалары дайындалған және инженерлік коммуникацияларға қосылу нүктесімен тапсыру нұсқасы. Бизнес-орталықтың барлық коммуникациялары жалға алушыларға компания қызметінің сипатын, артықшылықтарын және ерекшеліктерін есепке ала отырып, жұмыс кеңістігін еркін жоспарлауға мүмкіндік береді. Мұнда барлық жалға алушылардың кеңсені open-space форматында жабдықтауға немесе кабинеттік жүйе бойынша жоспарлауына мүмкіндігі бар.

TALAN TOWERS EXECUTIVE HUB

TALAN TOWERS EXECUTIVE HUB – бұл клубтық формат концепциясында ойластырылған, қызмет көрсетілетін заманауи кеңселер, халықаралық компаниялар мен іскери адамдарға жаңа формула ұсынатын – қысқа мерзімді жалға беру шартындағы өкілеттілік кеңселер мен маңызды келіссөздер, кездесулер мен презентацияларды өткізуге арналған орындар.
TALAN TOWERS EXECUTIVE HUB өз клиенттеріне басқару мен ұйымдастыру мәселесіне алаңдамай-ақ, жұмысына ерекше көңіл бөліп, орны мен жалға алу уақыты үшін ғана ақы төлеуге мүмкіндік береді. Жалпы аумағы 1276 ш.м. құрайды.
TTexecutivehub.com


TALAN TOWERS ТЕРЕЗЕЛЕРІНЕН АСТАНАНЫҢ ІСКЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫНА КӨРІНІС

«RABBIT CANTEEN» ДӘМХАНАСЫ

Talan Towers Offices қонақтары мен қызметкерлеріне жайлы болу үшін барлық жағдайлар жасалған. Түскі асты ғимараттан шықпай-ақ ұйымдастыруға болады, үшінші қабатта «Rabbit Canteen» дәмханасы орналасқан. Кең ас мәзірінен басқа, дәмхана демократиялық бағалармен және сәнді ішкі көрінісімен таң қалдырады. Дәмхананың қабырғалары америкалық суретші, аниматор Паскаль Кэмпионның суреттерімен безендірілген. Олар адами құндылықтарды бейнелейтін – балалар, бақыт және махаббат иллюстрацияларынан тұрады.

ПАРКИНГ

Talan Towers Offices ғимаратында екі деңгейлі жер асты паркинг орналасқан, оған қолжетімділік Достық пен Түркістан көшелері жағынан ашылады.

Паркинг 500 орынға арналған:
• Р2 деңгейі – бизнес-орталығы мен резиденциялар паркингі;
• Р1 деңгейі – қонақтарға арналған паркинг;
• жер үсті паркингі.

Сонымен қатар, электромобильдер үшін зарядтау станциялармен жабдықталған «жасыл аймақ» қарастырылған. Велосипедпен жүруді ұнататын адамдардың да жеке тұрақтары бар. Олар үшін жұмыс күні алдында өздерін ретке келтіруге мүмкіндік беретін душ пен киім ауыстыратын орындары жасалған.


Қазақстан Республикасы
Нұр-Сұлтан, Z05H9K3 ,Есіл ауданы, Достық көшесі, 16
+7 (7172) 73 60 06
info@astanapm.com
Жалға беру бөлімі
+7 (7172) 73 50 46
+7 777 002 00 25
sales@astanapm.com
Маркетинг бөлімі
+7 (7172) 73 50 60 (118)
marketing@astanapm.com
КЕРІ ҚОҢЫРАУ ШАЛУҒА ТАПСЫРЫС БЕРІҢІЗ

Дербес кеңесші Сізге толық ақпаратты ұсынып, қызықтыратын сұрақтарыңыздың барлығына жауап беретін болады.