Lifestyle-кеңістігі, сервис пен стильдің жаңа деңгейін ұсынуға арналған.

TALAN Gallery

Talan Gallery, өз шатырының астында Loro Piana, Valentino, Dolce & Gabbana, Brunello Cucinelli, MaxMara, Escada, Damiani, Tiffany & Co., Chopard, Bang & Olufsen және басқа әлемдік сәнді үйлердің монобренді бутиктерін біріктірген, елордадағы бірінші және жалғыз сауда кеңістігіне айналды.

• 8000 ш.м.;
• 30 бутик;
• 3 қабат;
• паркинг.

Қызметтер

Talan Gallery beauty, wellness және lifestyle сегменттердің ішінде бірінші дәрежелі қызметтерін ұсынуға бағытталған.

Talan Gallery үшінші қабатында қызмет сапасын, жылдамдығын және сұлулығын бағалайтындар үшін Aldo Coppola итальяндық сұлулық салоны ашылған.

Жақын арада кеңістіктің үшінші қабатында балалармен уақыт өткізу сапасын арттыруға бағытталған бірегей ойын алаңы бар отбасылық рестораны Ribambelle ашылады.

Кеңістіктің екінші қабатында жақын арада елордада теңдесі жоқ КeruenСinema премиалды кинозалдары ашылады.

STARBUCKS RESERVE BAR

Галереяның аумағында Starbucks брендімен ұсынылған бірегей кофехана орналасқан.

Бұл – Қазақстандағы кофе бары тұжырымдамасы бар алғашқы мекеме, мұнда қонақтардың кофе дәнінің дәмін барынша сезінуіне бағытталған кофе дайындаудың баламалы әдістері көрсетіледі (пуровер, сифон, кемекс және басқа). Сусындар мұнда Clover кофе-машинасының және Black Eagle эспрессо-машинасының көмегімен дайындалады. Black Eagle-де сусындарды дайындау үшін теңдесі жоқ жалғыз ғана Reserve Microblend дәндерінің қоспасы пайдаланылады. Starbucks Reserve Bar интерьерінің дизайнінде қазақ колоритінің, ал қолмен жасалған арт-объектілер арқылы – кофе дәндері мәдениетінің, тарихы мен өсіру өңірлерінің айқын бейнеленгені қызықтырады. Бұл орын өзіңізге Reserve желісі кофесінің барлық кереметтігін ашу үшін жасалған.