THE RITZ-CARLTON ® - ӘРДАЙЫМ ӨЗГЕШЕЛІК СИНОНИМЫ БОЛЫП ҚАЛАТЫН БРЕНД

Астанада люкс класты, алғашқы бес жұлдызды The Ritz-Carlton, Astana конақ үйі 2017 жылы 3 маусымда өз есігін ашты. Қонақ үйде қалаға панорамалық көріністі тамашалауға болатын 32 люкс нөмірін қоса алғанда, 157 нөмір бар. Қонақ үйдің 14-ші қабатында эксклюзивті Клубтық қонақ бөлме орналасқан, мұнда қонақтарға қосымша артықшылықтар мен сервистер ұсынылады. The Ritz-Carlton Suite санаттағы нөмірлерде тұрып, қонақтардың жеке консьерж қызметін пайдаланудың бірегей мүмкіндігі бар. The Ritz-Carlton – бұл ерекше идеология, құндылықтар, философия және мәдениет. Брендтің Let Us Stay With You әйгілі нышаны – бұл қонақтарға көңіл бөлу және олар үшін өмір бойына естелік ретінде болу ниеті.

МЕЙРАМХАНАЛАР

Үздік аспазшылардың аспаздық шеберлігінің барлық қыр-сыры қонақ үйдің үш мейрамханасында ұсынылған. Өzen лобби–лаунджы бартендерлер дайындаған авторлық коктейльдердің кең таңдауын ұсынады. Қонақ үйдің дәстүрлі скандинав стиліндегі негізгі мейрамханасы – Mökki қонақтарды керемет тағамдарымен және ауқымды бар картасымен қуантады. 18-қабатта сәнді интерьерлі және қалаға тамаша көрініс ашатын Selfie Astana авторлық асүй мейрамханасы жұмыс істейді.

THE RITZ-CARLTON SPA, ASTANA

The Ritz-Carlton, Astana қонақ үйінде орналасқан заманауи SPA-кешені қалпына келтіру және шипалық қасиеттерін есепке ала отырып, мұқият таңдалған үздік сервисті ұсынады. Бұдан басқа, қонақтардың қызметтеріне ең заманауи Technogym жабдығымен жасақталған үлкен жаттығу залы (320 м²), жайлы йога-студия, құрғақ және бу сауналары, алаңы 120 м² бассейн, джакузи және Спа емшараларының үлкен таңдауы ұсынылады.


ІС-ШАРАЛАР

Астананың іскерлік орталығында орналасқан The Ritz-Carlton, Astana – бизнес-шаралар мен әртүрлі салтанаттарды өткізу үшін керемет орын. Техниканың соңғы сөзі бойынша жабдықталған конференц-залдар мен келіссөздер бөлмелері кез келген шараның қатысушыларына өнімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. The Ritz-Carlton, Astana қонақ үйінде өткізілетін кездесулер, мәжілістер, жаңа өнімнің тұсаукесерлері, корпоративтік шаралар немесе үлкен конференциялар ұмытылмас оқиғаларға айналады.

Алаңы 1400 м² асатын конференц-қабатына мыналар кіреді:

• 4 жеке секцияға бөлуге болатын алаңы 1000 м² бал залы
• қонақтарды қабылдауға арналған үлкен аймақ
• үш келіссөздер бөлмесі және конференц-залдар.

Шараларды ұйымдастыру жөніндегі банкет қызметінің тәжірибелі мамандар командасы The Ritz-Carlton, Astana қонақ үйіндегі іс-шараңызды мінсіз етіп жасайды.